Екі жасар бала хайуанаттар бағында жолбарыспен достасты - ВИДЕО

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Екі жасар америкалық ер бала жолбарыспен достасты, деп жазады segodnya.ua.
None
None

Вашингтон штатында ата-анасымен жолбарыстың пүліштен тігілген костюмін киіп, хайуанаттар бағына келген бала зообақтағы жолбарыспен тез достасып кеткен. Бала шынының ар жағында жүрген жолбарыспен ойнап, екеуі ары-бері жарты сағаттай бір-бірін қуып асыр салады. Жолбарыс пен баланың ойындары қызықты болғаны соншалық, олар YouTube чемпионы атанып, соңғы он күн ішінде бейнежазбаны үш миллионға жуық адам көріп шыққан.


Соңғы жаңалықтар