17:07, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
Екі жүз мың теңге мен алтын сырғаларға баласын сатқан келіншек ұсталды - ОҚО
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО тұрғыны 1986 жылғы келіншек өз баласын сатты деген күдікпен ұсталды.

Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Айтымовтың айтуынша, әйел өз баласын Жаңаөзен қаласының тұрғынына сатқан.
«Ол нотариуста баланы беретіні туралы сенімхат рәсімдеп, ақысына 200 мың теңге мен алтын сырғалар жиынтығын алған», - деді прокурордың орынбасары.
1986 жылғы әйел баласын сатып, өзінің материалдық жағдайын жақсартпақ болған. Сатқан баласы оның 5-ші сәбиі. 4 баланы асырауға мүмкіндігі жоқ әйел осындай қадамға барғанын айтады. Нәрестені сатып алушыны ғаламтор арқылы тапқан. Баланың анасына қатысты ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге түрмеге отыруы мүмкін.