Екі жылда Тараз металлургия зауыты екі есеге ұлғайды

ТАРАЗ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-і «Қазақстандағы 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы ауқымындағы экономиканың басымдық берілген шикізаттық емес саласындағы озық өндірістік инвестициялық жобалар тізімінің базасына енгізілген,

Екі жылда Тараз металлургия зауыты екі есеге ұлғайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-нің директоры Болат Святовтың айтуынша, зауыттың 2009 жылғы наурыздың 1-не дейінгі жалпы инвестициялық көлемі 5,6 млрд. теңге құраған. Мұнда 2006 жылғы қарашадан бастап отандық инвестор жұмыс жасайды, ол - Алматы қаласындағы «Ортаазиялық инвестициялық консалтингтік компания» серіктестігі. Кәсіпорын қысқа мерзім ішінде бюджеттік және негізгі несиелер алдындағы жалпы сомасы 833,7 млн. теңге болатын қарызынан құтылды, жаңа ферроқорытпа өндірісін іске қосты.«Отандық инвесторлардың облыс экономикасының өндіріс секторына келуі айтарлықтай нәтижелер беруде. Біздің кәсіпорын бүгінгі күнде өте тапшы саналатын сыртқа шығаруға бағытталған өнімдер түрлерін жасай бастады. Тауарлық өнім өндірісінің көлемі де арта түсті. Ортаазиялық компанияның келуіне байланысты ТМЗ-да жұмысшылар саны көбейе түсіп, олардың қатары бүгінде 1 450 адамға жетті» - дейді директор Б.Святов.