Екі жылдың ішінде еліміздің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қоры 17 млрд. долларға артты - Премьер-Министр
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Екі жылдың ішінде еліміздің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қоры 17 млрд. долларға артты.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты.
Осы орайда Үкімет басшысы дағдарысты еңсеру бағытында елеуді қаржы жұмсалғанына қарамастан алтын-валюта қоры мен ұлттық қор қаржысының өсімі қамтамасыз етілгенін атап өтті. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев 2009 жылдың 1 қаңтарында алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор қаржысы 43 млрд. АҚШ долларын құрағанын еске салды.
«Ал биылғы жылдың 23 қаңтарында алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор 60 млрд. АҚШ долларына жетті»,- деді Д. Ақышев.