Екібастұз қаласында «Гнездышко» балабақшасы ашылды

«Бұл Павлодар облысындағы таңдаулы балабақша болып табылады», - деді оның ашылуына қатысқан аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев. Ол көміршілер мен энергетиктер қаласында «Балапан» бағдарламасы сәтті орындалып отырғанын, бүлдіршіндердің 91 пайызы мектепке дейінгі мекемелерге барып жүргенін атап көрсетті.
«Гнездышкода» 16 топ бар, оның 10-ы - шипажайлық және алтауы - жалпы білім беретін топтар болып табылады. 8 топта тәрбие және оқыту қазақ тілінде жүргізілсе, қалған сегізі - орыс тілінде тәрбиеленеді.
Шипажайлық топтар тәулік бойы аптасына алты күн жұмыс істесе, қалғандары бес күндік 12 сағаттық жұмыс тәртібімен қызмет атқарады. Балалармен 55 педагог айналысады.
Балабақшада музыка, хореография және екі спорт залдары бар. Психолог кабинеті, медициналық блок, қысқы бақ жұмыс істеуде.
Балабақшаның құрылысына республикалық бюджеттен 640 млн. теңге бөлінген еді.
«Гнездышко» - екібастұздық балаларға ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тамаша сыйлық болды.
Қала әкімі Александр Вербняк жақында бұл жерде қайта жаңғыртылып жатқан ғимаратта 320 балаға арналған тағы бір балабақша ашылатынын атап көрсетті. Бұл жақын болашақта барлық екібастұздық балалардың балабақшамен толық қамтылатынын білдіреді.