10:04, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Екібастұз: мүмкіндіктері шектеулі жандардың өз шығармашылық клубы бар
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Өмір» сауықтыру және шығармашылық орталығы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Орталықта театр, вокальдық және хореографиялық студиялар, мүгедек балаларға арналған би үйірмесі, құлақтары естімейтін жандарға арналған ымдық вокал мектебі жұмыс істейді. Бұл орталық мүмкіндіктері шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың көпшілік ортада еркін жүріп, өзара аралас-құралас болуларына көмектесетін болады.