Екібастұз оқушылары аралық мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -Екібастұз бен оның іргесіндегі селолық мектептердің 4-9-шы сынып оқушылары аралық мемлекеттік бақылаудың аясындағы тест сынағын жақсы тапсырды.

Екібастұз оқушылары аралық мемлекеттік   емтиханды  жақсы  тапсырды

Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарлады.

Аралық мемлекеттік бақылау 15 - қазақ тілді,15 - аралас, 10 орыс тілді мектепте өткізілді. 3 653 оқушы қазақ, орыс, шет тілдері және математика пәндері бойынша тест тапсырды.

Жалпы өңір бойынша төртінші сыныптарда орташа балдың өскені байқалады, оқушылар мүмкін 20 балдың 19-ын алып отыр. Ал тоғызыншы сыныптарда орташа білім көрсеткіші 66,6 балдан 72,3 балға дейін өскен (барлық мүмкін көрсеткіш - 90 балл).