Екібастұзда 225 бүлдіршін балабақшаға бару мүмкіндігіне ие болды (ФОТО)

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз балабақшаларында қосымша 225 орын ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Жазира Сыздықова.
None
None

Бұрынғы Достық үйі ғимаратында орналасқан қазақ тілінде білім және тәрбие беретін №16 ясли-балабақшада жалпы саны 175 орындық 7 топ ашылды. Ғимарат толық жөндеуден өткен, онда балабақшаға қажетті барлық құрылғыларды сатып алу үшін бюджеттен 25 млн. теңге бөлінген.

Шідерті ауылының 111 разъезінде бүгін балабақша ашылып, 50 бала білім ошағының табалдырығын аттады. Бұл мекемені толық жабдықтау және жөндеу үшін 22 млн. теңге жұмсалған.

1 қыркүйек күні қарсаңында Екібастұздың 3-6 жас аралығындағы балалары 100 пайыз мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орынмен қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар