Екібастұзда ардагерлер мен қоғам өкілдері марапатталды

Екібастұздықтарды мерекемен қала басшысы Александр Вербняк құттықтады, жасампаз еңбектеріне табыс тіледі. Қала басшысы көптеген ардагерлер мен қоғам қайраткерлеріне награда табыстады.
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекетіміздің Конституция үстемдігін, елдің тәуелсіздігін нығайтып, қазақстандық қоғамда келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда қосқан үлесі үшін «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен Екібастұздың құрметті азаматтары Халел Хамметов, Аманқос Өтегенов, Екібастұз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Анатолий Медведев, «Қайырымдылық» қоғамдық қорының директоры Ғалия Балтабекова, Қазақ КРО халық ағарту ісінің үздігі Қанат Жандарбеков, кеншілер мен энергетиктер марапатталды.
ҚР Конституциясы мерейтойын мерекелеу қаланың үздік шығармашылық ұжымының үлкен концертіне ұласты.