Екібастұзда бұрынғы мектеп директоры 7 жылға сотталды

ПАВЛОДАР  ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның   23-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Екібастұздағы  мектептердің бірінің   бұрынғы директоры, бас    есепшісі мен  директордың   шаруашылық  істер  жөніндегі  орынбасары   мүліктері   тәркіленіп,    жеті, бес жарым және  бес жылға  сотталды.
None
None

Бұл туралы      Павлодар облысы  бойынша   экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  департаментінің баспасөз қызметінен   хабарлады.

Олар  сонымен бірге,  мемлекеттік  қызметте  және   жергілікті  өзін-өзі басқару  органдарында  лауазымдық қызмет   атқару  құқықтарынан 3-4  жылға      айрылды.     Мектептің директоры,  бас  есепшімен  және     шаруашылық  істері  жөніндегі   орынбасарымен   қосылып,  ресми құжаттарға    жалған мәліметтер енгізу   жолымен,  3,2 миллионнан астам теңгені  қалталарына  басқан. Табельдерге     мектепте  техникалық жұмысшы   ретінде  жұмыс істейді  деп  біраз  адамды     тіркеп   қойған олар,   жалақыларды өздері алып отырған.

Жалақы қорындағы   артық ақша  да қаржы полицейлерінің  назарына ілігіп  отыр.   2006-2008 жылдар аралығында    жинақ  ведомость  құжатына  жалған   мәліметтер енгізіліп  келіп,  нәтижесінде  директорға - 1,5 миллион теңге,    оның  орынбасары мен    есепшіге - 992 мың және  37 мың  теңге аударылған.    Директор  мен оның  орынбасарының  сондай-ақ,   спорттық залды  заңсыз  жалға беріп,  одан түскен    110 мың теңге  ақшаны    қалталарына  басқаны    анықталды.

Соңғы жаңалықтар