Екібастұзда «Қайнар» демалыс орталығы ашылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Екібастұзда «Қайнар» білім беру-демалыс орталығы ашылды.
None
None

Бюджет қаражатына жасалған қайта құру жұмыстарынан кейін ғимаратта қалада алғашқы жарға өрмелеу орталығы, дыбыс жазу студиясы, би және акт залдары, асхана ашылды.

«Жаңғыртылған мекеменің шығармашылық және педагогикалық ұжымы Екібастұздың белсенді, болашағынан мол үміт күттіретін жас ұрпағын тәрбиелеуге лайықты үлес қосатынына сенімдімін», - деді қала әкімі Нұрлан Нәбиев.

Бүгінгі күні «Қайнар» білім беру-демалыс орталығындағы 36 шығармашылық бірлестікте және 14 аулалық клубта үш мыңнан астам жасөспірім бар.

Соңғы жаңалықтар