Екібастұзда Қазақстандағы діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 24 мамырда Екібастұз қаласында Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ел халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстандағы діни экстремизмнің алдын алу: теориясы және тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
None
None

Шараны ҚР Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Павлодар облысы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына ҚР Дін істері агенттігінің сарапшылары, Екібастұз қаласының әкімі, Павлодар облысы әкімдігінің қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қызметкерлері, діни бірлестіктердің өкілдері, облыстағы ЖОО-лардың профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушы жастар, оның ішінде «Нұр Отан» ХДП жастар қанатының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Деструктивті және радикалды діни көзқарастардың алдын алуға байланысты, радикалды көзқарастардың ықпалына түспеген азаматтардың арасында жалпы алдын алу мәселелері, деструктивті идеологияның ықпалына түскен немесе екіұштылық (белгісіздік) күйінде жүрген тұлғалардың ортасында теріс діни көзқарастарынан айнытуға бағытталған арнайы (атаулы) алдын алу мәселелері, бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуші тұлғалардың арасында оңалту жұмыстары қарастырылды», - делінген Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы таратқан мәліметте.

Дінге сенушілерді қылмыс жасауға алып баратын алғышарттар, діни радикалды топтардың іс-әрекетінде қылмыстың көрініс табуы және радикалды діни топтардың қылмыстық топтармен тұтасуы мәселелері дөңгелек үстел отырысы барысындағы талқылаудың маңызды аспектісі болды.

Соңғы жаңалықтар