Екібастұзда көлік тарифі, азық-түлік бағасы және балабақша ақысы арзандады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылуда. Ақпанның 1-інен бастап қоғамдық көліктердің жолақысы 35 теңгеден 32 теңгеге арзандап отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ата-аналар балабақшаға баратын балалары үшін үш мың теңгеге аз төлейтін болды - балабақшаларға әр бала үшін 5 мың теңгеден артық төленбейді. Ата-аналардың жағдайын жеңілдету үшін, Екібастұз бюджетінен балабақшаларға 74 миллион теңге бөлінді. Екібастұздың муниципалдық базарындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қала тұрғындарына азық-түліктерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беруде. Онда сатылатын еттің жалпы көлемінің -35 пайызын, көкөністің -18 пайызын арзан шаруа өнімдері құрайды. Екібастұз әкімдігінің қаладағы үш үлкен базардың, сауда үйлерінің, наубайханалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың басшыларымен жасаған меморандумның арқасында энергетиктер қаласында азық-түлік бағасы тұрақтанып отыр.
Соңғы жаңалықтар