Екібастұзда мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлінуде

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда Комсомолький селолық округінің аумағындағы Амандық сопы кесенесін, «Отан қорғаушылар» обелискін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде,

Екібастұзда мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлінуде

Ұлы Отан соғысының ардагері Мақамбек Әйтенге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алғашқы тың игерушілерге қойылған ескерткіш тақта қалпына келтірілді, қаланың құрметті азаматтары Көбен Төлепбергенов, Халел Досмағанбетов және Михаил Возный тұратын үйлерде мемориалдық тақталар ашылды.

Бұл шаралар қалалық «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жүргізілуде. Екібастұз аймағында 176 мәдени-тарихи мұра нысаны бар, оның ішінде 129-ы - археология ескерткіштері, деп хабарлады қалалық мәдениет бөлімінен.

Екібастұзда ұлы Абай Құнанбаевқа, танымал ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа, халық ақыны Естай Беркімбаевқа, танымал жазушы Мұхтар Әуезовке ескерткіштер орнатылған.