Екібастұзда жас құқықбұзушылар саны азайып келеді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -Екібастұз қаласында жас құқықбұзушылардың саны азайып отыр,

Екібастұзда  жас құқықбұзушылар  саны  азайып  келеді -  Павлодар облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, қылмысқа барған оқушылардың саны 42 пайызға қысқарған, деп хабарлады Екібастұз қаласының ішкі істер бөлімінен. 21 қалалық және 21 ауылдық мектептің ешқайсысында бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген. Оқушылардың арасында профилактикалық жұмыстарды жақсартудың нәтижесінде осындай жетістіктерге қол жеткізілді. Мамандар сондай-ақ мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік саладағы педагогтар, мектеп инспекторлары үшін арнайы семинарлар өткізді.