08:52, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Екібастұзда Жасыбай қоғамдық қоры құрылды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда даңқты қолбасшы Жасыбай батырдың атындағы қоғамдық қор құрылды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл қорды кеншілер мен энергетиктер қаласының құрметті азаматы, ҚР Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі Серік Жақсыбаев құрып отыр. С. Жақсыбаев Павлодардың Ертіс жағалауының тарихына арналған бірнеше кітаптың авторы. Жасыбай батыр жоңғарлармен шайқасқан жасақтардың біріне қолбасшы болған. 1752 жылы ол қазіргі Баянауыл ауданының аумағында жау жебесінен жараланып, көз жұмған екен. Бұл оқиға Шойынкөл көліне жақын жерде орын алған және ол жерді адамдар содан бері Жасыбай деп атай бастаған. Ағымдағы жылы атақты батырдың туғанына 285 жыл толады. Қоғамдық қор батырға ескерткіш орнатуға қаражат жинау үшін құрылып отыр.