Екібастұзда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген 1,8 млрд. теңге 100 пайыз игерілді

 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген 1,8 млрд. теңге 100 пайыз игерілді,
None
None

 деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

 «Биылғы жылы Екібастұзда ұзақ жылдардан бері алғаш рет 21 шақырымдық су кәрізінің желілері, 39 шақырымдық қалалық және ауылдық, 65 мың шаршы метрлік аулаішілік жолдар жөнделді»,  деді қала әкімі Нұрлан Нәбиев «Нұр Отан» ХДП екібастұздық филиалы саяси кеңесінің отырысында.

 Қомақты қаражат 34 оқу орнын, 15 денсаулық сақтау нысанын және бес мәдениет және спорт мекемелерін жөндеуге бағытталды.

 Н.Нәбиев бюджеттің қаражаттың мақсатты жұмсалуын және жөндеудің сапалы жасалуын қадағалаған партиялық және қоғамдық бақылау топ мүшелерінің, депутаттардың бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар