Екібастұздағы «Қазпошта» филиалынан 60 млн теңгеге жуық қаражатты қымқырғандар ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Екібастұз пошта байланысы торабына қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты анықтап, оларды қолға түсірді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Қарақшылар пошта бөлімшесіне 8 мамырда шабуылдаған. Таңертеңгі сағат төрттерде белгісіз біреулер үй-жайға екінші қабат арқылы кіріп, күзетшіні байлап тастап, 60 млн теңгеге жуық қаражатты қымқырып кеткен.

Шабуылдағандар саны үшеу. Барлығы облыс орталығының тұрғындары. Олардың екеуі 1981 жылы, біреуі 1988 жылы туылған. Күдіктілерді ұстаған кезде олардан ақша, аңшылық қару бөлігі тәркіленді. Күдіктілер айғақты дәлел берді. Аталмыш факті бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар