Екібастұздағы студенттер жасақтары еңбек семестрін аяқтады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Екібастұздағы студенттердің жастар еңбек жасақтарының жауынгерлері еңбек семестрін аяқтады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Екібастұздағы студенттер жасақтары еңбек семестрін аяқтады

Осы жазда СЖЕЖ-ның 250 мүшесі отындық-энергетикалық сала үшін кадрларды даярлау бойынша республикалық кәсіби оқу орталығының құрылысында еңбек етті, қаладағы медициналық мекемелерде медбикелердің көмекшілері болды, «Жасыл ел» экологиялық жасағында қаланы абаттандыру және көгалдандырумен айналысты.

Екібастұздық студенттер еңбек семестрінің аяқталуын Баянауыл ауданының Сабандыкөл көлінде атап өтті. Балалар суға шомылып, жағажайлық волейбол және футбол ойнады, тауға экскурсияға шықты.

СЖЕЖ-ның жауынгерлері Екібастұз жастары үшін үлгі көрсетіп, құрылыс, медицина және экологиялық жасақтарда жұмыс істеудің абыройы бар екенін дәлелдеді.