Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Екібастұздағы «Восточный» разрезінде роторлық экскаваторлар жаңғыртылуда

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ: 14 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Еуразиялық энергетикалық корпорацияның Екібастұздағы «Восточный» көмір разрезінде СРК(к)-2000 қуатты роторлық экскаваторын жаңғырту жұмыстары басталды,

Екібастұздағы  «Восточный» разрезінде  роторлық экскаваторлар  жаңғыртылуда

деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметінен.

"Мұндай жұмыс біздің разрезде бірінші рет жүргізіліп отыр", - дейді кәсіпорынның бас инженері Юрий Гончаров. - Неміс мердігерлерінің есептері бойынша, 15 айдың ішінде бірінші машинаның барлық электр жабдықтары ауыстырылады, жаңа және жаңартылған агрегаттар орнатылады, басқару жүйесі жаңартылады».

«Восточный» разрезіндегі алпауыт роторлық экскаваторлар көмірді кәсіпорынның қоймаларына тиеп, жөнелтеді, ол машиналардың әрқайсысы 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Алдағы жылдары разрезде барлық бес роторлық машина толық қайта жаңғыртылмақ.