Екібастұздық ардагер Президенттен жылуға қатысты мәселені жеке бақылауына алуды сұрады

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұз қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов Президенттен жылу жүйесіндегі жөндеу жұмыстарын жеке бақылауына алуды және қалалық «Шахтер» саябағын жөндеуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы абаттандыру мәселесі шешілетінін айтты.

«Орынды сауал. Жалпы, Екібастұз – өте керемет қала. Мен өзім бұл қаланы жақсы көремін. Бұл қаланы абаттандыруды қамтамасыз ету керек. Міндетті түрде. Сондықтан мұндай тапсырманы әкімшілікке беріп жатырмын. Бұл жұмыс орындалады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмән жоқ. Тек қана саябақ емес, басқа мәселелер де бар. Бұл түйткілдердің бәрін міндетті түрде шешу керек. Әкім жаңадан тағайындалды. Сондықтан жұмыс өте көп», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарымен кездесу кезінде.

Еске салайық, Президент Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысында жүр.

Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз қаласындағы жылумен қамту жүйесін жаңғыртуға Үкімет тарапынан көрсетілген қолдау шаралары туралы баяндады.

Қ.Тоқаев ЖЭО жағдайымен танысқан соң жергілікті тұрғындармен әңгімелесті.

Көпбалалы ана Аяна Смағұлова қалада балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың жан-жақты дамуына арналған Шығармашылық үйін салып беруді сұрады.


Соңғы жаңалықтар