07:44, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Екібастұздық ГРЭС-2 энергетиктерінің балалары таэквандо бойынша өткен Азия чемпионатында 2 алтын еншіледі
ПАВЛОДАР. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Екібастұздық ГРЭС-2 қызметкерлерінің балалары Анатолий Гармонов пен Гүлназ Баймұратова Душанбеде өткен таэквандо бойынша бозбалалар арасындағы VI Азия чемпионатында 2 алтын медальға ие болды,

деп хабарлады электр стансасының баспасөз қызметі. Балалар Солнечный кентінің №16 мектебінде оқиды және де спортпен табысты айналысуда.
Анатолий спорттың таэквандо түрімен 10 жасынан бері айналысады, ол Қазақстанның чемпионы, халықаралық сайыстарда бірнеше рет жүлдегер атанған, спорт шеберлігіне үміткер.
Гүлназ Қазақстанның чемпионы, «қара белдіктің» иегері.
Жас бозбалалардың жаттықтырушысы Василий Лисачев спорттың таэквандо сияқты түрі төзімділік пен күш-қуатты қажет етеді деп санайды. Қазіргі уақытта ол шамамен 100 баланы жаттықтырады, Солнечный кентінде спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Бұған ГРЭС-2 қолдау білдіруде.