Екібастұздық шенеунік пара беруге мәжбүрлегені үшін шартты түрде бес жыл бас бостандығынан айырылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз соты қала әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің бұрынғы бастығын мемлекеттік қызмет пен жергілікті басқару органдарында үш жыл қызмет ету құқығынан айырып, шартты түрде бес жыл бас бостандығынан айырды,
None
None

деп хабарлайды Павлодар облысы бойынша экономкалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу барысында қаржы полициясы бөлім бастығы қызмет бабын пайдалана отырып, «Муниципальді базар» есепшісін үнемі кассадан ақша ұрлауға мәжбүрлеген, оның қызмет бабына қамқоршы болғаны үшін ақша қаражаты мен материалды құндылықтар талап еткен.

Есепші әйел қаржы полициясына пара беруге мәжбүрлеу туралы арыз жазған, былтырғы жылдың қазан айында бөлім бастығы есепшіден 15 мың теңге пара алу барысында қолға түскен.

Соңғы жаңалықтар