Екібастұздық жастардың «тірі естелігі»
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің қарсаңында Екібастұз қаласының жастары «Тірі естелік» акциясын өткізді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Балалар екібастұздық «ГУЛАГ»-та қамауда болған және бостандыққа шығу күніне жетпеген қуғын-сүргін құрбандары жаппай жерленген орындарда тазалық жұмыстарын жүргізді.
Биыл қазақстандықтар 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтың құрбандарын еске алып, 1937 жылғы жаппай қуғын-сүргіннің 75 жылдығын атап өтуде. Осы кезең аралығында халықтың маңдайалды өкілдері аштықтан көз жұмды, атылды, миллиондаған адамның тағдыры бұзылды.
Колледждер мен кәсіби лицейлердің студенттері қоқысты жинап, қаза тапқандарға арналған ескерткіштің тұғырын сырлады.