Екібастұздық жылу электр орталығы жаңартылуда
ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұздық ЖЭО-да екінші ұрпақтың эмульгаторлары орнатылған №9 қазанагрегатының күл сүзгіш құрылғысын қайта жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі.
Бұл ауаға ластаушы заттар шығаруды азайту жөніндегі табиғатты қорғау заңнамасының талабын орындап, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.
Стансада №6 қазанагрегатының жобалық жұмысы мәресіне жетіп, оған арналған «Сибэнергомаш» кәсіпорынымен торап орнату жөніндегі келісім аяқталуда. Қайта жаңарту жұмыстары №6 қазанның өнімділігін арттырып, станса жұмысының сенімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Станса Екібастұздың жылумен қамтамасыз ететін жалғыз көзі.
Инвестициялық бағдарламаны іске асыру өндіріс тиімділігі мен стансаның техникалық және экономикалық көрсеткіштерін жақсартады.