Екібастұздықтар көмір кенішін игерудің 55 жылдығын атап өтеді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз қаласы көмір кенішін  өнеркәсіптік игерудің басталғанына 55 жыл толуын мерекелеуге әзірленуде. 1954 жылғы желтоқсанның 24-інде Оралға отынның алғашқы эшалоны жөнелтілді, сөйтіп, Екібастұз көмір алабын ауқымды игеру басталды.

Екібастұздықтар көмір кенішін игерудің 55 жылдығын атап өтеді

Мерейтой құрметіне көмір өнеркәсібі ардагерлерімен кездесулер, суреттер және шығармалар байқауы өткізіледі, кітап көрмесі ашылады, «Біз - шахтерлер дәстүрін жалғастырушылармыз», деген тақырыпта жастар конференциясы және көркемөнерпаздар фестивалі өтеді. Қаланың саябақтарына 55 шырша мен терек отырғызылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.