Екібастұздың көмір және энергетикалық кәсіпорындарында жұмыс орындары қысқармайды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұздың көмір және энергетикалық кәсіпорындарында жұмыс орындары қысқармайтын болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Павлодар әкімі Бақытжан Сағынтаевқа ГРЭС-1 және ГРЭС-2 орталықтарының, «Богатырь Аксес Көмір», «МайкөбеВест» және «МайқайыңАлтын» компанияларының басшылары хабарлады. Әкіммен болған кеңесте олар өндірістегі жағдай мен дағдарысқа қарсы бағдарлама нұсқаларының орындалуы туралы әңгімелеп берді. Көмірге деген сұраныстың азаюы «богатырьлықтарды» өндіріс көлемін де қысқартуға мәжбүрлеп отыр. Өткен жылы кеншілер рекордтық 47 миллион тонна көмір жөнелтсе, бүгінде тапсырыстар қоржынында 36 миллион тонна отын жеткізіліміне шарт жасалған. «Богатырь Аксес Көмір» компаниясының атқарушы директоры Сергей Опанасенко, «Северный» разрезіндегі екі учаскеде жұмыс тоқтатылатынын, бірақ кеншілер кадрлардың орындарын ауыстыру есебінен жұмыссыз қалмайтынын айтты. Кәсіпорынның өз оқу комбинаты бар, онда жұмысшылар қосалқы кәсіптерді игеретін болады. Кәсіпорын сондай-ақ сыйақылардан бас тарту есебінен қаржы үнемдегелі отыр. Компанияда жұмыс істейтін 7395 адамның барлығы жұмыстарын сақтап қалады және жалақыларын да жоғалтпайды, «Богатырьдағы» орташа жалақы 75 теңге құрайтынын айта кету керек. Екібастұз ГРЭС-інде де электр қуатының өндірісін қысқарту белгіленіп отыр - себебі сұраныс азаюда. Бірақ та энергетиктер штаты бұрынғыша қалады, жалақылар да толық сақталады. Компания әкімшілік шығыстарды үнемдеп, жөндеу жұмыстарына есептелген қорды азайтқалы отыр. Жұмысшылардың бір бөлігі қайта оқытылып, екінші кәсіп алатын болады. Кеңестің қорытындысын шығарған Бақытжан Сағынтаев, Екібастұздағы жағдайдың орнықты екенін атап көрсетті. Халықты еңбекпен қамтуда еш проблема жоқ, кәсіпорындар аймақты дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум шарттарын мүлтіксіз орындауда.
Соңғы жаңалықтар