Екінші «қара жәшіктің» мәліметтерінен A320 ұшағының қасақана құлатылғаны расталды

«Бірінші мәліметтерге қарағанда, кабинада болған ұшқыш ұшақты 100 фут (30 м) биіктікке дейін төмендету үшін автоұшқышты пайдаланған» деген Азаматтық авиацияның қауіпсіздік сараптамасы мен тергеу бойынша Бюроның мәлімдемесін Reuters келтірді.
Ұшқыш ұшақтың жылдамдығын арттырып отырған. Апатқа ұшыраған A320 ұшағының екінші «қара жәшігі» жуырда табылған. Біріншісі 24 наурызда табылды. Бірнеше күннен кейін прокурор Марселя Борис Робен «қара жәшіктегі» мәліметтерге қарағанда Любиц экипаж командирі кабинадан шығып кеткен соң ұшақты қасақана құлатқанын мәлімдеген. Апаттан соң тергеушілер Любицтың үйін тінтті. Мұнда ұшқыштың емдеуден өтіп жатқанын растайтын айғақтар табылды. 31 наурызда «Lufthansa» компаниясы Любицтің 2009 жылы жұмыс берушіге күйзелістен зардап шеккенін хабарлағаны туралы мәлімдемені жариялаған. Germanwings-те ұшқыштың бұл дерті жайлы білмегенін, ал медициналық тексерістің барлығынан да ол сәтті өткенін айтты. Жуырда Дюссельдорф прокуратурасында Любиц ұшқыштар кабинасы есігінің қауіпсіздік жүйесі жайлы және өз-өзіне қол жұмсаудың тәсілдері туралы сұрастырғанын хабарлады. Тергеуге қатысқандар қаза тапқанның компьютерін тексерген соң осындай шешімге келіпті. A320 ұшағы 24 наурызда апатқа ұшырады. Салдарынан 150 адам көз жұмды.