ЕҚҚДБ Өзбекстанға «жасыл» экономиканы дамыту үшін 200 миллион доллар бөлуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропа қайта құру және даму банкі Өзбекстанға «жасыл» экономиканы дамыту үшін 200 миллион АҚШ долларына дейін несие беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Өзбекстанның Экономика және қаржы министрлігі хабарлады. 

imv.uz
Фото: imv.uz

2024 жылдың 14 қарашасында министрлік делегациясы Бакуде өткен БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP29) аясында ЕҚҚДБ климаттық бағдарламаларының топ-менеджерлерімен келіссөздер жүргізгені атап өтілді. Онда метан шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

ЕҚҚДБ Өзбекстанға «жасыл» экономиканы дамыту үшін 200 миллион доллар бөлуі мүмкін
Фото: imv.uz

Меморандум аясында «жасыл» қаржылық қызметтерді енгізу бойынша арнайы бағдарламаны қолдау тетіктерін әзірлеп, іске қосу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға 200 миллион долларға дейін бөлінеді. 

Тараптар қалдық және ағын суларды тазарту өнеркәсібі шығаратын шығарындыларды азайтуға инвестициялау бағдарламасын құруға ниетті. Ынтымақтастықтың тағы бір саласы су, азық-түлік және энергетика салаларында Nexus елдік платформасын іске асыру болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан Ақтау теңіз портында бірлескен жобаларды іске асыруды жоспарлағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар