Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы

ОРАЛ. KAZINFORM – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Сталинград майданына таяу орналасқан Батыс Қазақстан облысының Орда (қазіргі Бөкей ордасы) және Жәнібек аудандары жау бомбасының астында қалды. Сарбаздарға қоса бейбіт тұрғындар да қаза тапты. Осыған орай Kazinform тілшісі Бөкей ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, өлкетанушы Жұбан Ғұмаровпен сұхбаттасқан еді. 

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

– Жұбан Орынғалиұлы, биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 81 жыл толып отыр. Сталинград майданы тиіп тұрғандықтан, Батыс Қазақстан облысының қос бірдей ауданы соғыс жағдайында деп жарияланды. Қанды шайқас іздері әлі сайрап жатыр деуге болады. Осы жөнінде өлкетанушы ретінде қандай деректер келтірер едіңіз?

– Тарих ғылымында ұзақ уақыт бойы «Қазақстан соғыс алаңы болған жоқ» деген қасаң пікір қалыптасты. Алайда мұрағат деректері мен сол кезең куәгерлерінің естеліктері Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарының Сталинград майданының тікелей бір бөлігі болғанын, тіпті соғыс жағдайындағы аймақ екенін айқын дәлелдейді. Мен осы тұрғыда үш негізгі деректік бағытты атап өтер едім.

Біріншіден, Рязань-Орал темір жолының стратегиялық маңызы. Сталинград шайқасы басталғанда, Жәнібек пен Бөкей ордасы ауданы арқылы өтетін бұл темір жол (қазіргі Ресейдің Приволжье темір жолы) Кеңес әскері үшін «өмір жолына» айналды. Ленинградтағы Ладога көлі сияқты, бұл күре жол арқылы майданға үздіксіз әскери күш, қару-жарақ, азық-түлік тасымалданды, ал кері бағытта жаралылар мен эвакуацияланған халық ағылды. Бұл біздің өңірдің майданға жақын тыл емес, соғыстың логистикалық артериясы болғанын білдіреді.

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

Екіншіден, «Люфтваффе» авиациясының үздіксіз шабуылдары. Фашистік Германияның мақсаты – дәл осы «өмір жолын» талқандау болды. Мұның айғағы ретінде Сайқын, Шоңай ауылдары мен №340, №365, №372, №400 разъездерінің күнделікті бомбалануын келтіруге болады. Тіпті темір жолдан 60 шақырым қашықтықтағы Орда ауылының өзі әуе шабуылының нысаны болды. Бұл аймақта әуе шайқастары өтіп, зениттік қондырғылардың үздіксіз жұмыс істеуі, ауданға диверсиялық және барлау топтарының жіберілуі – мұның бәрі біздің жерде соғыс қимылдарының жүргенінің тікелей дәлелі.

Үшіншіден, бейбіт тұрғындар мен жауынгерлердің қасіреті. Соғыс жағдайының ең ауыр дерегі – қаза болғандарды жерлеу рәсімі. 50-ден 500 келіге дейінгі бомбалардың күшінен дене қалдықтары ғана қалған жағдайда, уақыт тапшылығына байланысты оларды рәсімсіз, бомба шұңқырларына көмуге мәжбүр болған. Бұл – сол кездегі Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарының нағыз майдан даласының кейпіне енгенін көрсететін ең ащы да, нақты дерек.
Қорыта айтқанда, біздің өңірдегі әрбір разъезд, әрбір ауыл – Сталинград жеңісіне өз қанын төгіп, өз үлесін қосқан, соғыс жалынын басынан өткерген батырлық мекен. Сондықтан біз бұл аудандардың соғыс жағдайында болғанын тарихи шындық ретінде қабылдап, оны насихаттауымыз керек.

Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

– Иә, Бөкей ордасы ауданы аумағына да жау бомбалары түсіп, одан бейбіт тұрғындар да зардап шегіп, мерт болғанын көз көргендер айтып отыратын. Жалпы, қанша сарбаз қаза тапты, бұл жөнінде мәлімет бар ма?

– Осы деректерді анықтай түсу – бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған ең өзекті әрі жауапты міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта «ОБД Мемориал» және «Память народа» сынды электронды деректер базасы арқылы 1942-1943 жылдары ауданымызда қаза тапқан 200-ден астам сарбаз бен офицердің тізімі анықталды. Бірақ, өкінішке орай, бұл – толық емес мәлімет.

Мұның бірнеше себебі бар. Мысалы, Сайқын станциясында бомбалауға ұшыраған 196-Қызыл тулы Гатчинск атқыштар дивизиясының көптеген құжаттары Сталинград шайқасының ортасында жоғалып кетті. Ардагер Иван Павлович Сухенконың естелігінде қазіргі аудан орталығы Сайқынның өзінде 100-ге жуық жауынгердің мерт болғаны жазылған. Күні бүгін бізде 144 сарбаз туралы ғана құжаттық дәлел бар, ал қалғандарының есімі әлі күнге дейін беймәлім.
Осы оқиғаның тарихына тоқталсақ, 1942 жылдың 1 қазанында Сталинград майданынан қайта жасақталуға келе жатқан 196-шы дивизияның эшелоны Сайқын ауылына жақындағанда, жау авиациясының шабуылына ұшырады. Салдарынан 100-ге жуық сарбаз қаза тауып, аман қалғандар жергілікті тұрғындардың көмегімен оларды сол жердегі бомба шұңқырларына жерлеген. Соғыстан кейін бұл оқиға ұмытыла бастап, тек 1981 жылы ардагер Иван Сухенконың хатынан соң іздестіру жұмыстары қайта жанданды. 1983 жылы бауырластар зираты табылып, 1984 жылы қайта жерлеу рәсімі өтті, алайда қазба жұмыстары кезінде табылған сүйектердің нақты саны туралы құжаттар сақталмаған.

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

Бүгінгі таңда бізге белгілі деректер бойынша:

• Сайқын ауылында – 196-атқыштар дивизиясының бауырластар зираты;

• Шоңай ауылында – екі бауырластар зираты;

• №400 разъезде (Молодость) – тағы бір бауырластар зираты;

• Сонымен қатар теміржолшы жауынгер И.Передераның жеке жерленген орны бар.

Дегенмен біздің жерімізде тағы қаншама боздақтың есімі тарихи тізімдерге енбей, белгісіз жатыр деген сұрақтың жауабы әлі толық берілген жоқ. Біздің басты мақсатымыз – осы беймәлім есімдерді архивтік деректермен салыстыра отырып, әрбір жауынгердің аты-жөнін анықтап, олардың рухына тағзым ету.

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

– Соғыс кезінде облыс аумағында госпитальдардың орналасқаны белгілі. Бөкей ордасында осындай орын болды ма?

– Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Батыс Қазақстан облысы маңызды тыл орталығының рөлін атқарды. Өңірдің, әсіресе, Сталинград шайқасы кезеңіндегі майдан маңындағы аймақ ретіндегі стратегиялық орналасуын ескере отырып, мұнда жараланған жауынгерлерді қабылдау үшін эвакуациялық госпитальдар желісі құрылды.

Батыс Қазақстан облысы майданнан келетін санитарлық пойыздар үшін «қақпа» іспетті болды. Орал қаласында және басқа да елді мекендерде мектептер, әкімшілік ғимараттар мен демалыс үйлерінің базасында госпитальдар ашылды.
Соның ішінде Орал қаласы жараланғандарды орналастыратын негізгі орталық болды. Қалада қызмет еткен ең танымал госпитальдар:

• №3971 эвакогоспиталь қаланың оқу орындарының ғимараттарында орналасты. Бұл ауыр жараланған жауынгерлерді қабылдаған ірі госпитальдардың бірі болды.

• №3972 эвакогоспиталь Орал қаласында аяқ-қол жарақаты бар жауынгерлерді емдеуге бейімделді.

• №1620 эвакогоспиталь – облыста 1941 жылдың соңында ашылған алғашқы госпитальдардың бірі.

• №3328 эвакогоспиталь жергілікті медициналық мекемелердің базасында жұмыс істеді.

Орал қаласынан бөлек, эвакуациялық пункттер мен шағын медициналық изоляторлар Сталинград майданы үшін «өмір жолы» болған Рязань-Орал (қазіргі Приволжье) темір жол магистралінің бойында орналасты.
Бөкей ордасы ауданы аймағында госпиталь болғаны туралы мәлімет жоқ. Көршілес Волгоград облысының Эльтон және БҚО-ның Жәнібек ауылында эвакогоспитальдар болған.

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

– Қаза тапқан жауынгерлер мүрделерін іздестіру жұмыстары қай уақыттан бері жүргізіліп келеді, нәтижесі қандай?

– Ауданымызда соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ізін суытпай, олардың мәңгілік тыныштық тапқан жерлерін анықтау және рухтарына тағзым ету мақсатындағы іздестіру жұмыстары 2013 жылдан қайта жанданды. Жұбайым, Мәншүк Мәметова атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Ғұмарова екеуміз осы істің басы-қасында болдық.

Іздестірудің алғашқы айтулы нәтижесі 2014 жылы тіркелді. Равнинный разъезінде (№365 разъезд) 1942 жылғы 20 қазандағы неміс бомбалауы кезінде мерт болған Тынық мұхит флотының 38 жауынгерінің ізімен жүріп, екі сарбаздың мүрдесі табылды. Содан бері бұл жұмыстар бір сәтке де тоқтаған емес. Бүгінде іздестіру қазбаларына жергілікті білім ошақтарының ұстаздары мен оқушылары белсене атсалысуда. Оған қоса 2018 жылдан бастап бізге Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ көршілес Ресей Федерациясынан іздестіру жасақтары келіп, қолұшын беріп жүр.

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

Қазіргі таңдағы атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесіне тоқталсақ:

• Равнинныйда қаза болған 38 әскердің 25-і табылды;

• №372 разъезінде 16 жауынгер жатқан бауырластар зираты ашылды;

• №358 разъезінде 1 жауынгердің мүрдесі табылды;

• Сайқын ауылының маңынан 2, Шоңай ауылынан 1 жауынгердің сүйегі табылды.

Әйтсе де, әлі қаншама боздақ дала төсінде белгісіз жерде жатыр, оны дөп басып айту қиын. Барлық табылған жауынгерлердің мүрделері Сайқын ауылына жеткізіліп, әскери құрметпен қайта жерленді және олардың әрқайсысының басына белгілер қойылды. Біз үшін бұл жай ғана жұмыс емес, бұл – ұрпақ алдындағы парыз және тарихи әділеттілікті орнату жолындағы қадам.

– Алдағы жоспарлар жөнінде айта кетсеңіз?

– Алда атқаратын жұмысымыз әлі көп. Қазіргі уақытта біздің қолымызда Сайқын, Шоңай, Қаракөл, Қасымтау, Хан Ордасы ауылдары мен №340 және №400 теміржол разъездері аумағында қаза болып, жерленген сарбаздар туралы нақты деректер бар. Мақсатымыз – осы мәліметтерді негізге ала отырып, сол жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастыру және әрбір жауынгердің мәңгілік мекенін анықтау.

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

Александр Суворовтың «Соғыс жерленбеген соңғы жауынгер табылмай аяқталмайды» деген қанатты сөзі біздің әрбір іздеушінің ұранына айналған. Бөкей ордасы ауданы үшін де бұл қағида өзекті: ауданымыздың Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тарихы соңғы жауынгердің сүйегі табылып, құрметпен жерленгенге дейін толық жазылды деп айта алмаймыз.

Біздің жоспарымыз – тек қазба жұмыстарымен шектелмей, табылған әрбір жауынгердің есімін ұрпақ жадында жаңғырту, олардың есімдерін тарихи карталарға енгізу және осы батырлық деректерін зерттеуді жалғастыра беру. Біз үшін әрбір сарбаз – тарихымыздың бөлшегі, ал әрбір табылған мүрде – тарихи әділеттіліктің салтанат құруы.

Сөз соңында аудан аумағында мерт болған сарбаздардың тізімін келтіре кетсек, артық етпес деп ойлаймын.

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

Бөкей ордасы ауданыңда қаза тапқан жауынгерлердің тізімі

Сайқын ауылы

1. Азоров Виктор Николаевич
2. Безбудин Иван Федотович
3. Бобылев Дмитрий Васильевич
4. Гаврютин Разум Александрович
5. Голованов Василий Сергеевич
6. Гришанов Алексей Денисович
7. Дидик Степан Петрович
8. Дреев Петр Гетогазович
9. Дурманов Анатолий Георгиевич
10. Дьяков Иван Иванович
11. Ермоленко Григорий Еврукович
12. Игомов Артан Достоевич
13. Ишимов Алексей Николаевич
14. Карпов Алексей Васильевич
15. Коврыгин Иван Владимирович
16. Кончин Федор Григорьевич
17. Куванцев Александр Васильевич
18. Кузнецов Иван Павлович
19. Ларяев Яков Тихонович
20. Лисовой Иван Сергеевич
21. Малов Петр Александрович
22. Марьянов Николай
23. Матвиенко Сергей Пантилеевич
24. Молодыко Федор Григорьевич
25. Мокрый Петр Митрофанович
26. Николаев Николай Иванович
27. Пимогин Михаил Егорович
28. Постовалов Илья Никитыч
29. Прохоренко Семен Николаевич
30. Савельев Михаил Павлович
31. Селезнев Гавриил Кузьмич
32. Снетов Василий Михайлович
33. Струя Александр Яковлевич
34. Тамодлин Александр Петрович
35. Тищенко Павел Трофимович
36. Толкачев Пантелей Павлович
37. Цветков Михаил Иванович
38. Шарунов Павел Иванович
39. Шаулов Виктор Михайлович
40. Филатов Александр Степанович

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

Шоңай ауылы

1. Артамонов Николай Николаевич 
2. Башкиров Иван Федорович
3. Белов Петр Алексеевич
4. Булатенко Евгений Владимирович
5. Будже Николай Михайлович
6. Вдовичев Владимир Николаевич
7. Городничий Сергей Иванович
8. Демин Сергей Федорович
9. Жанбеков Утар
10. Зацепин Евстадий Николаевич
11. Иванов Иван Дмитриевич
12. Кобляков Семен Ильич
13. Кожахметов Амиржан
14. Корсантия Григорий Багратович
15. Корчагин Иван Яковлевич
16. Липко Петр Петрович
17. Лозовой Федор Фомич

18. Никитин Николай Петрович
19. Никушин Николай Маркович
20. Нягин Ксинофонд Григорьевич
21. Озерной Илья Ефимович
22. Передера И.Г.
23. Селиванов Евгений Владимирович
24. Сивохин Василий григорьевич
25. Силин Павел Сергеевич
26. Сучков Федор Андреевич
27. Тамбовцев Николай Сергеевич
28. Танташев Гарида Шарипович
29. Теняков
30. Филонов Прокофий Степанович
31. Фомин Алексей Афансьевич
32. Цыпленков Иван Павлович
33. Чистяков Филип Иванович
34. Якимов Петр Ерофимович

Екінші дүниежүзілік соғыс: БҚО ауданында 200-ден астам сарбаз бен офицер қаза тапқан – өлкетанушы
Фото: Жұбан Ғұмаровтың жеке мұрағатынан

№365 разъезд (Равнинный)

1. Акчурин Агдам Хусаимович
2. Беляев Василий Николаевич
3. Будкин Федор Александрович
4. Гаврилин Николай Васильевич
5. Гненный Ольян Фомич
6. Головко Влас Савельевич
7. Голубев Михаил Иванович
8. Гринько Николай Васильевич
9. Губанов Александр Андреевич
10. Дерендеев Егор Васильевич
11. Дубовик Иван Яковлевич
12. Евграшин Виктор Павлович
13. Иванов Владимир Васильевич
14. Кобылянский Владимир Иванович
15. Ковалев Герасим Семенович
16. Кожухов Михаил Григорьевич
17. Коновалов Николай Дмитриевич
18. Круглов Николай Васильевич
19. Кузнецов Иван Сергеевич
20. Ловренюк Иван Леонтьевич
21. Малинкин Иван Петрович
22. Мигачев Андрей Алексеевич
23. Михальцев Василий Тимофеевич
24. Мосин Константин Григорьевич
25. Нестеренко Тимофей Гаврилович
26. Новышев Михаил Савинович
27. Павлов Василий Абрамович
28. Пахтаев Николай Васильевич
29. Пикула Алексей Родионович
30. Плотников Николай Алексеевич
31. Пушкарский Матвей Дмитриевич
32. Самоделов Савелий Андреевич
33. Рожков Давыд Давыдович
34. Рубилин Василий Михайлович
35. Сафонов Василий Яковлевич
36. Соболев Василий Константинович
37. Старков Аркадий Федорович
38. Тюкаев Сергей Федорович

№372 разъезд

1. Баглаев Иван Афанасьевич
2. Гимбитский Матвей Иосифович
3. Дудетский Семен Андреевич
4. Ермалюк Генадий Петрович
5. Иванов Яков Иванович
6. Коваленко Иван Федорович
7. Кондратьев Никандр Дмитриевич
8. Кузнецов Михаил Иванович

9. Лапин Василий Никандрович
10. Ливанов Василий Дмитриевич
11. Осипов Павел Федорович
12. Поздняков Алексей Сергеевич
13. Потейкин Анатаолий Семенович
14. Смирнов Леонид Леонидович
15. Тухматуллин Возрахман
16. Ялунин Дмитрий Андреевич

Хан Ордасы ауылы

1. Добровольский Дмитрий Кондратьевич
2. Дружинин Иван Михайлович
3. Осадченко Мария Николаевна

№390 разъезд

1. Задорожный Прокопий Филиппович
2. Паневин Илья Иванович
3. Фурсов Николай Федорович

№400 разъезд (Молодость)

1. Далмагометов Зейнакабден
2. Мохно Яков Александрович

№358 разъезд

1. Абельхан Эндер
2. Еркнелинов Джамон

Қасымтау (Шоңайкөл)

1. Райхакайнен Захар Степанович

Қаракөл

2. Зенин Григорий Иванович

№340 разъезд

3. Скворцов Борис Константинович

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мәншүк Мәметованың алғашқы ескерткіші қалай орнатылғанын жазған едік.