Эко-мәдениетті дамытуға қатысты ауқымды жоспарымыз бар – Зүлфия Сүлейменова

«Эко-мәдениет - экология саласындағы маңызды аспектілердің бірі. Себебі үлкен өзгеріс кіші қадамнан басталады. Экологтар қауымдастығы арасында мынадай сөз тіркесі бар - «10 мінсіз эколог болғанша, міні көп болса да, табиғатқа шынымен жаны ашитын 100 эколог болсын». Яғни, бар мәселе олардың қоршаған ортаға расымен де пайдасын тигізуінде. Эко-мәдениетті қалыптастыру және дамыту әрқайсымыздан басталады. Осы орайда эко-мәдениетке қатысты ауқымды жоспарымыз бен идеяларымыз бар», - деді Зүлфия Сүлейменова Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ведомство басшысы эколог - пайдалы маман екенін алға тартты.
«Көп ұзамай елімізде экологтардың жаңа буыны немесе қоршаған ортаға жанашырлар тобы пайда болады деген үміттеміз. Сол арқылы өз елімізді жақсарта түсеміз», - дейді министр.
Бұған дейін еліміздің бас экологы атом электр стансасын салу барысы егжей-тегжейлі қаралатынын жеткізген еді.