Экология еріктілері Қазақстан бойынша 18 млн көшет отырғызбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Байтақ-болашақ» экологиялық альянсы осы жылы Қазақстан бойынша 18 млн көшет отырғызады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Экология еріктілері Қазақстан бойынша 18 млн көшет отырғызбақ

Хабарламада атап өтілгеніндей, Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы орында тұр, алайда ормандарда ағаш аз. Ағаштың 68 түрі ғана бар, бұл небары 1,2%-ды құрайды, жабайы бұталар мен сексеуіл ағаштарын қосқанда, 4,2%.

«Бұл климат пен ауаға, адам денсаулығына теріс ықпал етеді. Қазақстанның 58%-ы шөл, жартылай шөл дала, 10 пайызы тау», - дейді альянс өкілдері.

«Біз «Байтақ-болашақ» экологиялық альянсы - әріптестерімізді қолдағымыз келеді. 18 млн көшет егу Қазақстан ормандары мен бақшаларын қолдау деген сөз. Біз ағаш егуді бастап кеттік», - деп атап өтті «Жасыл экономика» және G-Global дамыту жөніндегі коалиция басқармасының төрағасы Салтанат Рахымбекова.

«Байтақ-болашақ» экологиялық альянсының басшысы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, осы жылдың соңына дейін 18 млн ағаш егіледі. Олар қазақстандықтарды елін көгалдандыру ісіне атсалысуға шақырды.