Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Экология министрлігі Іле-Балқаштағы жолбарысқа қатысты ақпаратты жоққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрлігі желіде тараған «жолбарыс» фотосы шындыққа сәйкес келмейтінін ескертті. 

Жасанды интеллект жасаған болуы мүмкін: жолбарыс фотосы – фейк
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

— Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, — делінген министрлік хабарламасында.

Экология министрлігі Іле-Балқаштағы жолбарысқа қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жарияланған суретте жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер байқалады.

— Табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оның орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстайды. Сондықтан жануардың «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, — делінген хабарламада.

Министрлік азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.

Айта кетелік елімізде 70 жылдан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілген еді