Қазақстанда өсетін, сирек кездесетін қызғалдақтар

АСТАНА. KAZINFORM –Көктем келгенде Қазақстан даласы мен тау бөктерлерінде ерекше көрініс басталады. Табиғат небәрі бірнеше аптаға құлпырып, алқызыл, сары, қызғылт түске боялады. Бұл — жабайы қызғалдақтардың мезгілі, деп жазды бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Грейг қызғалдағы
Фото: Сайрам Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызғалдақтардың сұлулығы көз тартқанымен, ең үлкен құндылығы — табиғи ортасында еркін өсуінде. Сирек кездесетін қызғалдақ түрлерінің бірқатары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.

Біргүлді қызғалдақ
Фото: Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы

- Әрбір жабайы қызғалдақ — табиғи мұрамыздың бір бөлшегі. Оны тамырымен жұлу немесе гүлін үзу — келесі көктемде сол жерде қайта гүлдеу мүмкіндігін азайтады. Сондықтан далада қызғалдақ көрсеңіз, ең әдемі естелік — оны жұлып алу емес, табиғатта қалдырып, суретке түсіру. Қызғалдақтың ең әдемі жері — гүл шоғы емес, өзі өскен дала, - делінген хабарламада.

Осыған дейін экология министрі министрі қызғалдақ жұлғандарға қомақты айыппұл қарастырылғанын ескерткен болатын.

қызғалдақ
Фото: Ақсу Жабағылы мемлекеттік тбиғи қорығы
қызғалдақ
Фото: Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
қызғалдақ
Фото: Қорғалжын мемлекетік табиғи қорығы
қызғалдақ
Фото: Қорғалжын Мемлекеттік табиғи қорығы
қызғалдақ
Фото: Бөкейорда мемлекеттік тбиғи резерваты
қызғалдақ
Фото: Бөкейорда мемлекеттік табиғи резерваты
қызғалдақ
Фото: Сайрам Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
қызғалдақ
Фото: Сайрам Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
қызғалдақ
Фото: Сайрам Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
қызғалдақ
Фото: Ырғыз Торғай мемлекеттік табиғи резерваты
қызғалдақ
Фото: Ырғыз Торғай мемлекеттік тбиғи резерваты
қызғалдақ
Фото: Алтын Дала мемлекеттік табиғи резерваты
қызғалдақ
Фото: Алтын Дала мемлекеттік тбиғи резерваты