Экологтар атыраулықтардың шағымынан кейін ауа құрамын тексерді
АТЫРАУ.KAZINFORM - Экологтар 24 мамыр күні ауадағы жағымсыз иіске байланысты қала тұрғындарының шағымынан кейін ауа құрамына тексеріс жүргізді.
Атырау облысы бойынша экология департаментінің мәліметінше, сынама алу жұмысы Авангард ықшамауданын, Жеңіс саябағын, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің санитарлық қорғау аймағынан тыс жерден Мирный, Пропарка ауа сапасын бақылау станцияларының маңын қамтыды.
- Сынама алу барысында атмосфералық ауадан күкірсутек, метан, көміртек монооксиді, азот диоксиді, күкірт диоксиді ластаушы ингредиенттеріне талдау жүргізді. Желдің бағыты оңтүстік батыстан, жылдамдығы 6 м/с. Мониторинг нәтижесінде атмосфералық ауада зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактілері анықталмады, - делінген ресми хабарламада.
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жазған едік.