Экологтар Еуропа шараптарының ластануына байланысты дабыл қақты

АСТАНА. KAZINFORM — ЕО-ның 10 елінде жүргізілген зерттеу шараптың 49 түрінен мәңгілік химиялық заттардың ізі барын көрсетті, деп хабарлайды euronews.

Регулировать винодельную отрасль будут в странах СНГ
Фото: retail.ru

Еуропалық шарап көпжылдық ластаушы заттардан қорғалмаған және оның құрамында көбінесе үш фторсірке қышқылы (TFA) бар. Бұл Pesticide Action Network Europe (PAN Europe) тобының ЕО 10 елінде жүргізген зерттеуінің қорытындысы

Сарапшылар атап өткендей, мәңгілік химиялық заттар табиғи түрде ыдырамайды және суды тазарту кезінде іс жүзінде жойылмайды. Сарапшылар шараптың 49 сұрпында мәңгілік химиялық заттардың болуы 2010 жылдан бері бірнеше есе артқанын анықтады.

Себептер әртүрлі, деп түсіндірді PAN Europe қызметкері Саломе Ройнель.

— Жаһандық деңгейде құрамында фтор бар газдардың барлығы салқындату жүйелерімізде бар, олар өте кең таралған және атмосфераға шығарылады. Жер асты суларының ластануы да анықталды. Біз негізгі көзі пестицидтер екенін білеміз, өйткені бұл заттар тікелей топыраққа шашылып, ауылшаруашылық дақылдарын ластайды және жер асты суларына сіңеді, — деп түсіндірді ол.

Зерттеу авторлары TFA іздерін, тіпті органикалық шараптардан да тапқанын хабарлады. Олар азаматтардың денсаулығын сақтау үшін сақтық қағидасын ұстануға шақырды.

— TFA — ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалған зат. Бізде оның уыттылығына қатысты зерттеулер өте аз. Бірақ шарап саласы жүргізген соңғы жұмыстар химиялық зат қоян эмбриондарына әсер ететінін көрсетті. Бұл оның репродуктивті уыттылығын және ұрықтың дамуына әсерін көрсетеді, — деп атап өтті Саломе Ройнель.

ТFA деңгейі ең жоғары шараптардан да пестицидтер анықталды. Мамыр айында ЕО елдері зиянкестерге қарсы күресетін осы заттарға тыйым салу мәселесін талқылайды.

Бұған дейін Еуропалық Одақ елдерінде жұмыртқа бағасы өскенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар