Экологтар қап-қара пингвинді суретке түсіріп алды
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Сирек кездесетін аурумен ауыратын, соның салдарынан қап-қара түске боялған пингвин суретке түсіріп алынды. Аномальды пингвин субантарктикалық Оңтүстік Георгия аралындағы (Ұлыбритания) Фортуна Бэй жағалауы маңында жүргізілген зерттеулер барысында көзге түсіп отыр,
деп хабарлайды британдық бұқаралық ақпарат құралдары.
Тұмса табиғатты зерттеуге барған ғалымдар тобының өкілі Эндрю Эванстың айтуынша, меланизмге шалдыққан (пигментацияның ауытқуы салдарынан ағзада қара пигменттің басым болуы) қара пингвиндердің әрекеттерінде олардың ала ағайындарынан анау айтқандай айырмашылықтары жоқ. «Олардың қоректенулерінде де, ағайындарымен араласуында да ешқандай айырмашылық жоқ. Бірақ оларды кездестіргенде таң қалғанымыз анық және оларды келесі маусымда да көре аламыз деген үміттеміз», - дейді Э.Эванс.
Қара пингвиндер - табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Орта есеппен, 250 мың пингвиннің ішінен осындай «қара ағайын» кездесуі мүмкін. Дегенмен, меланизм ауруы басқа жануарлардың арасында жиірек кездеседі, әсіресе тиіндердің, түлкілердің, жәндіктер мен балықтардың арасында. Ал сүтқоректілердің арасында меланизм мысықтарда кездеседі. Осындай мутацияға бейім леопард, пума және ягуар сынды жануарлар әдетте қара пантералар деп аталады.