Экономика салаларын қолдау шараларын сапалы іске асыруымыз керек - Асқар Мамин
«Қазіргі уақытта әлемдік экономикадағы жағдай күрделі, бұл біздің экономикаға да әсерін тигізуде. Халықаралық қаржы институттары коронавирус індетіне қарсы шектеу шараларына байланысты орын алған жаһандық рецессия мен іскерлік белсенділіктің төмендігін атап өтуде. Оған қарамастан, Fitch рейтингтік агенттігінің тамыздағы деректеріне сәйкес, Қазақстанның инвестициялық сенімділігі ВВВ – тұрақты деңгейінде расталды. Сонымен бірге, бұл рейтинг мемлекеттердің 60 пайызында төмендеп отыр. Бұл Үкімет және Ұлттық Банктің дағдарысқа қарсы шаралардың уақытында қабылдап, нақты жүргізген жұмыстың нәтижесі болып табылады», - деді Асқар Мамин.
Оның атап өтінше, сондай-ақ, экономикасының тұрақтылығын, мемлекеттік қарыздың төмендігін, ақша-кредит саясатының тиімділігін және фискалдық резервтердің айтарлықтай көлемін көрсетеді.
«2021 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің нақты өсімін 2,8 деңгейінде болжап отырмыз. Қазір экономиканың салаларын қолдау жөніндегі жоспарланған шараларды сапалы іске асыруымыз керек, қарқынды төмендетпей, үйлесімді және жедел шешімдер қабылдауымыз керек. Қазіргі жағдайды ескере отырып, Үкімет алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бюджетінің жобасын әзірледі. Республикалық бюджеттің көзделген қаражаты мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді. Жалпы, айтылған тәсілдерді мақұлдауды және аталған заң жобалары мен Жарлықтың жобасына дауыс беруді ұсынамын», - деді Премьер-Министр.
Осыдан кейін Министрлер кабинетінің мүшелері аталған құжаттарға бірауыздан қолдап дауыс берді.
«Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері Премьер-Министр кеңсесімен бірлесіп, аталған заң жобаларын және әлеуметтік-экономикалық даму болжамын белгіленген мерзімде Парламентке енгізуді қамтамасыз етсін», - деді Үкімет басшысы.