Экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегері аталды
Экономика саласындағы Нобель сыйлығына америкалық зерттеуші Клаудия Голдин лайық деп танылды. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Альфред Нобель атындағы Швеция Мемлекеттік банкінің сыйлығын америкалық зерттеуші Клаудия Голдин иеленді.
Король ғылым академиясы Нобель комитетінің мәліметінше, марапат «еңбек нарығындағы әйел рөлі ұғымын түсінуге» қосқан үлесі үшін берілді.
Экономика бойынша сыйлықтың физиология мен медицина, химия, физика, әдебиет пен бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлықтарынан ерекшелігі – оны Альфред Нобель емес, 1968 жылы Швеция ұлттық банкінің өзі бекіткен.
BREAKING NEWS
— The Nobel Prize (@NobelPrize) October 9, 2023
The Royal Swedish Academy of Sciences has decided to award the 2023 Sveriges Riksbank Prize in Economic Sciences in Memory of Alfred Nobel to Claudia Goldin “for having advanced our understanding of women’s labour market outcomes.”#NobelPrize pic.twitter.com/FRAayC3Jwb