Экономика үшін осынау күрделі жылда аграршылардың барлық белгіленген тапсырмаларды орындауына көмектесу үшін мемлекет АӨК-ті бүкіл қажетті нәрсемен қамтамасыз етуге тырысты - Нұрсұлтан Назарбаев
ЕТРОПАВЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында әртүрлі мемлекеттік бадарламалар бойынша жүзеге асырылып жатқан маңызды әлеуметтік нысандарда болды.
Жұмыс сапары бағдарламасының аяқталу сәтінде егін жинау барысымен танысып, аймақ аграршыларымен әңгімелесті.
Мемлекет басшысы Сапарбек Шерниязов басқаратын«Базис-Қызылжар» ЖШС егіс алқаптарын аралап көрді. Кездесу барысында шаруашылық егістігі жақсы жағдайда, дестелердің көңіл қуантатыны аталып өтті. Егіс алқаптарында орнатылған павильонда «АӨК-ті дамыту» стендісінің жанында ауыл еңбеккерлерімен экономиканың аграрлық секторының перспективалары туралы келелі кеңес өтті.
Ел Президенті осы кезеңді дәстүрлі түрде егін жинау науқанының барысымен танысуға арнайтындығын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы елдің нағыз астықты өңірі. Үстіміздегі жыл ауыр болды, бірақ осыған қарамастан бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 3 млн. 900 мың гектар аумаққа дән егілді. Және де аймақтағы агроқұрылымдар 4 млн. тоннадан астам астық жинауға ұйғарды. Қостанай, Ақмола облыстарының да жағдайы жақсы. Жалпы 16 миллион тонна астық жиналады деп күтілуде, тазалаудан кейінгі көрсеткіш 14,5 млн. тонна болады, былтырғы жылғы 7 млн. тонна астықты қосқанда республика 21 млн. тонна егін жинайды.
Экспортқа 8 млн. тонна астық шығарылады. «Астық бағасының өсетінін ескере отырып, халық ақшалы болады. Осындай қиын жағдайға қарамастан еліміздің ауыл шаруашылығындағы жағдай неліктен тұрақты болып отыр? Өйткені мемлекет агроөнеркәсіптік кешенді қолдау бойынша алғашқы мемлекеттік бағдарламалардан бастап несиелеу, лизинг, минералдық тыңайтқыштарды арзандатудан бастап соңғы 7 жыл ішінде ауыл шаруашылығына айтарлықтай қаражат құйды. Мемлекет осы қиын экономкалық жыл ішінде аграршыларға белгіленген барлық ауыл шаруашылық жұмыстарын атқаруға көмектесу үшін агроөнеркәсіптік кешенді қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етуге тырысты...Тіпті биыл қымыз өндірісіне де қолдау көрсетіліп, қаражат берілуде», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Республикада 67 нысан пайдалануға беріледі, көкөністердің экспортынан құтылу үшін бірнеше жылыжай құрылысы басталды. Осы мақсаттарға арналып ет-сүт кешендері де құрылуда. Бүгінде аграрлық сектор жоғары өнімді жаңа ауылшаруашылығы техникасымен жабдықталған. Республика бойынша қазірдің өзінде 9 мың бірлік осындай техника сатып алынды, деп аталып өтілді кездесуде. Биылғы жылға арналған нанға сатып алу бағасының мәселесі де көтерілді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, шаруалар сараңдық танытып, аграрлық секторға қаржы құюда үнемшілдік жасап, қажетті технологиялық процестерді сауатты жүзеге асыра алмай отыр, бұл еңбек пен табыс өнімділігіне әсер етіп отыр. Қазақстанның барлық аймақтары сауатты әрі дұрыс жұмыс жасай алғанда ғана, аграршылар жақсы өнім ала алады.
Елбасы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай барлық ауылдарды жөндеп алу керектігіне, олардың сумен, жылумен қамтамасыз етілуін жолға қою керектігіне, адамдардың жүргізіліп жатқан реформаларды сезіне білуіне қол жеткізу қажеттілігіне баса назар аударды.
Айтылғандарды қорытындылай келе, Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысының аудан және облыс әкімдіктерінің тиімді әрі сауатты жұмыс жасап отырғанын тілге тиек етіп, барлық солтүстікқазақстандықтарға өнімді ысырапсыз жинап алып, қысқа дайындықты өз деңгейінде жүзеге асырып, алға қойған мақсаттарында табысқа жетулеріне тілектестік білдірді.