Экономикалық өсім кейінгі 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті - Руслан Желдібай

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі - Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында жыл қорытындысына байланысты жариялаған жазбасында айтылған.

Kazakhstan boasts record economic growth in the decade, Ruslan Zheldibay
Photo credit: Kazinform

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6 пайыздан асады деп күтіледі. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстан тарихында тұңғыш рет ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллардан асады. Ол жан басына шаққанда 15 мың доллардан келеді,-деп жазды Руслан Желдібай.

Оның хабарлауынша, елімізде жалпы құны 1478,1 миллиард теңгені құрайтын 185 жоба пайдалануға берілді. 22,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 
Жобалардың барлығы толық қуатына көшкен кезде экономикаға айтарлықтай серпін береді. Өндіріс көлемі 2,3 триллион теңгеге жуықтайды.

2025 жылы Президент Достық – Мойынты темір жолының екінші желісін, Қостанай облысындағы KIA Qazaqstan автокөлік зауытын іске қосты. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Шымкент және Қызылорда әуежайының жаңа терминалдарын аралап көріп, Астанадағы Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагонымен танысты. 

- Бұдан бөлек, қара және түсті металлургия, химия, целлюлоза-қағаз, жеңіл және тағам өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында бірқатар жоба іске қосылды,-деді ҚР Президентінің Баспаөз хатшысы. 

Осыған дейін 2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болғаны туралы жаздық. 



Соңғы жаңалықтар