Экономикалық өсімнің проактивті саясаты енізіледі – Жұманғарин

АСТАНА. KAZINFORM – Экономикалық өсімнің проактивті саясатын енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

Экономикалық өсімнің проактивті саясаты енізіледі - Жұманғарин
Фото: Үкімет

– Бірқатар перспективалы бағыт айқындалды. Табиғи ресурстарды қайта өңдеу және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін қайта өңдеу салалары экономикаға әсерінің жоғары болуына байланысты басым бағыттар ретінде белгіленді, - деді Серік Жұманғарин.

Осы ретте вице-премьер ең алдымен мына бағыттарды атап өтті:

– барлық негізгі түсті металдар;

– қара металлургия;

– сирек кездесетін металдар;

– химия өнеркәсібі;

– мұнай-химия;

– газ өндірісі;

– агроөнеркәсіп өнімдерін жоғары және орта деңгейде қайта өңдеу;

– фармацевтика өнеркәсібі.

– Аталған жобаларды іске асыру елдегі еңбек өнімділігінің орташа деңгейін арттырады. Бұл «орта табыс тұзағын» еңсеру және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің одан әрі өсу үшін қажет негізгі шарттардың бірі саналады. Осыған байланысты бүгінгі күні Экономикалық өсімнің проактивті саясатын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл саясаттың мәні – мемлекеттің тек инвесторларды шақыруымен ғана шектелетін модельден нақты инвестициялық жобаларды қалыптастыру мен іске қосуға мемлекеттің белсенді қатысуы моделіне көшу. Инвестиция тартудың бұл тәсілі экономика салаларының нақты қажеттіліктеріне бағытталған. Сонымен қатар жобалардың тиімділігі мен табыстылығын арттыру мақсатында құзыреттері мықты және технологиялары заманауи жетекші шетелдік стратегиялық серіктестердің қатысуы қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Айта кетейік, Үкімет отырысында экономиканы одан ары әртараптандыру тәсілдері пысықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум