Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті,

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыс барысында елімізді екпінді түрде индустриалды- инновациялық дамытуды қамтамасыз ету шаралары бойынша ұсыныстар қаралды. Комиссия мүшелеріне Мемлекет басшысы айқындаған елдің экономикалық дамуының 7 басым бағыты аясында жүзеге асырылып жатқан және перспективалық инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ, осы негізде әзірленген өндірістік қуаттарды орналастыру Картасы ұсынылды.Сонымен қатар, әр басым бағыт бойынша жобаларды іске асыруға жауапты жеке тұлғалар анықталды.Премьер-Министр тиісті ведомстволардың басшыларына жобаларға жан-жақты сараптама жүргізіп, толықтырылған ұсыныстарын енгізуді тапсырды.