Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Екпінді ауылындағы бордақылау алаңында 2500 бас ірі қара күтімге алынады - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауданы Екпінді ауылында салынып жатқан бордақылау алаңында 2500 ірі қара мал күтімге алынатын болады,

Екпінді ауылындағы бордақылау алаңында 2500 бас ірі қара күтімге алынады - Ақмола облысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Сұлтан Қасеновтың айтуынша, Астананың азық-түлік белдеуін жүзеге асыру бағдарламасы аясында қолға алынып отырған инновациялық жобаның жалпы құны 800 миллион теңгені құрап отыр. Кешенді салып бітірген соң ауылдың 50 адамы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде 680 бас ірі қара, 70 жылқы, 400-ге тарта қой мен ешкі күтімге алынған. Құрылысшылар өз кезегінде өскелең талапқа сай малшылар үйін, қойма, төрт пәтерлі үйді пайдалануға берген. Оған қажетті коммуналдық инфрақұрылым тартылды. Оның сыртында жаңадан 11 техника сатып алынып отыр. Сондай-ақ бордақылау алаңы құрылысымен бірге өңірде алғаш рет ешкі сүтін өңдірістік негізде өңдеу қолға алынатын болады.