Экс-әкім Б.Рысқалиевтің ісі бойынша жалғыз сотталушы әйел бостандыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Экс-әкім Б.Рысқалиевтің ісі бойынша жалғыз сотталушы әйелді босатып жіберді, деп хабарады КТК.

Экс-әкім Б.Рысқалиевтің ісі бойынша жалғыз сотталушы әйел бостандыққа шықты

«Тергеу анықтағандай, Гүлмира Әзбергенова миллиондаған мемлекет ақшасы желге ұшқан екі бірдей ірі компанияда бухгалтерлік қызметті қатар атқарған. Тергеу абақтысында жатқан әйел бір жыл бойы ең болмағанда үйқамаққа шығуға әрекеттенді. Бұл үшін ол абақтыда аштық та жариялады. Ал бүгін негізгі куәгерлердің бірі бұрынғы қызметкер әйелді бекерге қаралағанын мойындады. Әзбергенова сол бойда сот залынан босатылды», - деп хабарлады телеарна.

Қазір Атыраудың тергеу абақтысында Рысқалиев бандасының тағы 10 мүшесі жатыр, 12 адам үйқамақта отыр. Ал Атырау облысының экс-әкімі бұрынғыша қашып жүр.