Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Экс-депутат Б. Сыздықова «Нұр Отанның» 7 млн. теңгесін «жеп кеткен»

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мәжілісінде ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің вице-президенті, экс-депутат Бақыт Сыздықова партияның 7 млн. көлеміндегі қаржысын қайтармағаны үшін айыпты деп табылды. Сол үшін ол партия қатарынан шығарылды.

Экс-депутат Б. Сыздықова «Нұр Отанның» 7 млн. теңгесін «жеп кеткен»
«Нұр Отан» ХДП-сы Астана қалалық филиалының партиялық бақылау комисиясының төрағасы Дәулеткерей Рахметуллинның хабарлауынша, 2008 жылы «Нұр Отан» партиясы «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігіне уақытша қаржылай көмек беру келісімшарты негізінде 7 млн. теңге аударған болатын. Ол кезде экс-депутат Б.Сыздықова аталған ұйымның басшысы қызметін атқарған. «Келісімге сәйкес, ол ақша 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қайтарылуы шарт болған. Алайда партия тарапынан жасалған ескерту хаттарына қарамастан, Б.Сыздықова өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған», - дейді Д. Рахметуллин. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшелері Б.Сыздықованы партия қатарынан шығару туралы мәселені талқыға салып, оны бірауыздан қабылдады. Алайда бюро отырысында ақшаны қайтару мәселесі қаралған жоқ.