Экс-депутат Мейіржан Үндіргенов алаяқтығы үшін сотталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «ЕМШАН» Заңды тұлғалар бірлестігі президенті Мейіржан Үндіргенов алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Оған қатысты үкім бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында шығарылды.
«М.Үндіргенов ҚР ҚК 190-бабы 2-тармағы 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Мүлкі тәркілене отырып, 4 жыл жалпы режімдегі колонияда жазасын өтейді. Қалған баптар бойынша қылмыстық құрамның болмауына байланысты оған тағылған айыптар алынды. Сот Ербол Әділовті де алаяқтығы үшін айыпты деп таныды, оның мүлкін тәркілей отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген хабарламада.
Осы іс бойынша қалалық әкімдік пайдасына 900,5 млн теңге өндірілді.
Пирмановтың талапарызы қанағаттандырылмады.
ФОТО: news2.kz