ЭКСПО-2017 аумағында ұшатын аппараттарды пайдалануға шектеу қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 аумағында, көрме өтетін уақытта ұшатын аппараттарды қолдануға шектеу қойылған аймақ белгіленді. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды рұқсатсыз пайдалануға шектеу қойылады. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

«Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды көрме аумағында пайдалану құзіретті органдармен (Мемлекеттік қүзет ызметі, ҰҚК, Инвестициялар және даму комитетінің Азаматтық авиация комитеті) келісілген болуы тиіс және аталмыш процес ұшу жоспарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Көрме аумағында ұшқышсыз ұшатын аппараттарды рұқсатсыз пайдалану деректері анықталған жағдайда сәйкесінше шаралар (ҚР Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 563 бабы) қабылданады. ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарына, БАҚ өкілдері мен блоггерлерге ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалану барысында заңды қатаң сақтауға кеңес береді», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар