«ЭКСПО-2017» «FourЭ» фестивалінде 3d-mapping шоуын тарту етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі сенбі күні өткен Алматыда «FourЭ» эко-этнофестивалінің қонақтарына «Менің болашақ энергиям» ауқымды жарық шашу шоуын ұсынды, деп хабарлады көрменің баспасөз қызметінен.

«ЭКСПО-2017» «FourЭ» фестивалінде 3d-mapping шоуын тарту етті

Шоу заманауи балет пен проекциялық жазықтықта кез келген суретті бейнелеу арқылы таң қаларлық визуалды иллюзияны көрсететін 3D-mapping технологиясын қамтыды.

«ЭКСПО-2017» ұйымдастырған шоудың негізгі идеясы - әр адамның ішкі энергиясының пайда болуын көрсету. Фестивальде 4 тақырып - «Энергия әлемі», «Өмірге қажетті энергия», «Жалпыға қажетті энергия» және «Менің болашақ энергиям» ашылды.

Атап өту керек, Астанада ЭКСПО көрмесінің аумағында 2017 жылы 3 мыңнан астам мәдени шара мен шоулар өтеді. Олар да «FourЭ» фестиваліндегідей инновациялық сипатта болмақ.

«FourЭ» эко-этнофестивалі екінші жыл қатарынан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қолдауымен өтуде. Үш күннің ішінде отандық және шетелдік музыкалық және би ұжымдары өнер көрсетті, заманауи өнер мен дәстүрлі қолөнер көрмелері, йога, фитнес және би бойынша 100-ден астам шеберлік сағаттары өтті.