ЭКСПО-2017 қатысушыларына Байқоңыр нысандарына кіру рәсімі жеңілдетіледі

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ғарыш кешені «ЭКСПО-2017» қатысушылары баратын нысандар тізіміне енгізілді. Ұйымдастыру мәселесі бүгін ғарыш кешені басшыларымен өткен мәжілісте талқыланды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Біз қонақ күтуге 2014 жылдан бастап әзірлендік. Өткен екі жарым жылда қаланы абаттандыру, Байқоңырдың туристік әлеуетін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Өкінішке орай, ойлағанның бәрі іске аса қойған жоқ», - деді қала әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко.

РФ мен ҚР азаматтарының «Байқоңыр» кешені нысандарына кіруін қамтамасыз ету үшін келу күніне дейін 10 күн бұрын, ал шетелдік азаматтар 55 күн бұрын өтініш беруі тиіс.

Роскосмос филиалы директорының орынбасары Андрей Егоров мемлекеттік корпорация басшылығы ЭКСПО жұмысы кезінде (2017 жылғы 10 маусым - 10 қыркүйек) шетел азаматтары үшін өтініш берудің 10 күндік мерзімін белгілеу туралы шешім қабылданғанын айтты.

ЭКСПО-2017 аясында Байқоңыр ғарыш айлағына екі мыңға жуық адам келуді жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар